0:00 / 0:00
БҚО аумағында 2 орман және 115 шөптің жануы тіркеліпті. Бұл туралы төтенше жағдай департаментінің мамандары хабарлап отыр. Қызыл жалынның алдын алу үшін рейд шаралары ұйымдастырылуда. Нәтижесінде өрт қауіпсіздігін сақтамаған 102 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Оның 97-сі ескерту алса, 5 азамат айыппұл арқалапты. Сала мамандары өрттің қауіпті кезеңінде сақтық шараларын естен шығармауды сұрайды.