Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ОРМАНШЫЛАРҒА 32 ТРАКТОР БЕРІЛДІ

c 20:42, 20/06 c 81

0:00 / 0:00

Орман қорын күтіп ұстау, өрт қауіпсіздігін сақтау - әр тұрғынның міндеті. Орман шаруашылығының қызметкерлері де күні-түні жасыл алқапты көлденең апаттан күзетеді. Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасына қарасты 8 орман шаруашылығы бар. Өткен жылы 40-қа жуық өрт оқиғасы тіркеліп, 310 га жерді қызыл жалын шарпыған. Орманшылардың төтенше жағдаймен күрес кезіндегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен орман алқабын өрттен аман алып қалуда арнайы техникаларды жаңғыртуға басымдылық беріліп отыр.

ДАРХАН ЗАКАРИН

БҚО ТАБИҒИ РЕСУРСТАР ЖӘНЕ ТАБИҒАТТЫ ПАЙДАЛАНУДЫ РЕТТЕУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Облыста 220 мыңнан астам гектар аумақ орман алқабына тиесілі. Оны күтіп ұстауда мекеменің балансында кемінде 10 техника қолданыста болуы тиіс. Бұл қажеттілікті өтеу мақсатында облыстық бюджет қаржысы есебінен 32 трактор мен 2 өрт сөндіру көлігі сатып алынды. Облыс әкімі Нариман Төреғалиев салтанатты түрде орманшыларға техникалардың кілтін табыстады.

НАРИМАН ТӨРЕҒАЛИЕВ

ОБЛЫС ӘКІМІ

2020 жылы мемлекет басшысы орман алқаптарына 2 млрд ағаш отырғызу бастамасын көтерген болатын. Өңірде 2021-2025 жылдарға арналған іс-шара жоспары бекітіліп, 15 мың гектар жерге жасыл желек отырғызу жоспарланған. Алда орман алқабын ұлғайтып, өрттен қорғау мақсатында Чапай, Тайпақ ауылдары мен Бөрлі ауданы, Орал қаласындағы алқаптарда бейнебақылау камералары орнатылады.

АЙЫМ СҮЛЕЙМЕНОВА

ТІЛШІ

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.