Ол туралы Батыс Қазақстан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы, ормандар және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бөлімінің бас мамандары хабарлады. Жыл басынан облыстың мемлекеттік орман қоры аумағында заңсыз ағаш кесудің 2 фактісі тіркелген. Орман шаруашылығына келтірілген залал 3,9 мың теңгені құрады. Тіпті отынға ағаш алу үшін де орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі коммуналдық мемлекеттік мекемелерге жолығып, рұхсат қағазын алу қажет.