Облыстық балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан 3 қыз баланы Бөрлі ауданының тұрғындары асырап алып отыр. Естеріңізге салайық, осыдан 3 жыл бұрын балалардың анасы Анастасия Ереминаны ата-ана құқығынан айырған болатын. Ол кезде әйел кішкентай сәбилерімен бірге 2ші саяжай ауданындағы орман ішінде өмір сүрген еді.
Бұл түсірілім жасалған кезде балалар кішкентай болатын. Ең үлкені Албина 6 жаста, Карина 3 жаста, Камила 1 жарым жаста болатын. Анастасия Еремина өзінің 44 жасар күйеуі Репек Абсиметовпен орманда өмір сүріп жатқаны анықталды, Қолдан жасалған күркеде суық күндері балалар үсіп қала жаздады. Арнамыздан көрсетілген сюжеттен соң балаларды бейімдеу орталығына алып кеткен болатын.
Балалар мемлекеттің қамқорлығында болғанда олардың анасына жағдайын дұрыстауға мұмкіндік берілді, алайда азамтша түзелуге ниеттенбеді. Нәтижесінде ата-ана құқығынан айрылып, бейкүнә сәбилер балалар үйінде тәрбиеленді.
Былтыр 50 ана мен әке ата-ана болу құқығынан айрылып, балалары мемлекет қамқорлығына алыныпты.