0:00 / 0:00
Өркен жалпы орта білім беретін мектебінің оқушылары жаңа оқу жылын әзірге ескі ғимаратта жалғастырды. Ал қараша айында ауыл балаларына жаңа мектеп есігін айқара ашпақ. Мұнда «КПО б.в.» компаниясының әлеуметтік жобалары есебінен 108 орындық білім ұясының құрылысы басталған. Қазіргі күні құрылысшылар ғимараттың төбе жабындысына кіріскен. Ішкі әктеу-әрлеу жұмыстары да жүргізіліп жатыр.
АЙГҮЛ ҚАЛИЕВА
ӨРКЕН ЖОББМ МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ
Өркен ауылындағы ірі жобалардың бірі – ауылішілік және елдімекен жолын күрделі жөндеу. Жол сапасының нашарлығын айтып келген тұрғындар тегіс жолға биыл қол жеткізіп отыр. «Aq jol» ҚДП БҚОФ төрағасының бірінші орынбасары Бағдат Ізмағанбет, Бәйтерек аудандық мәслихат депутаты Думан Шанов Өркендегі қос бірдей нысан құрылысымен танысты. «Бәйтерек ауданы бойынша «Үлгілі ауыл» қатарына қосылуға тырмысқан ағайынның еңбегі еш кетіп жатқан жоқ», - дейді Думан Мұғалұлы.
ДУМАН МҰҒАЛҰЛЫ
«AQ JOL» ПАРТИЯСЫНЫҢ БӘЙТЕРЕК АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ
Мектеп және жол құрылысымен танысқан ақжолдықтар мердігерлердің жұмысына оң баға берді. Ауыл азаматтары өз күштерімен қолданыстан шыққан асфальт жабындысын пайдаланып, мектепке апаратын тротуар салған. Сондай-ақ бұл ауылда ауыз су құбырын тарту жұмыстары жүргізілуде.