Бөкей Ордасына баратын тас жол биыл пайдалануға берілмек. Бұл туралы «Қазавтожол» ұлттық компаниясының БҚО филиалының мамандары хабарлады. «Өнеге-Бисен-Сайхын» тас жолының жалпы ұзындығы 103 шақырымды құрайды. Биыл мердігер компаниялар 18 шақырым жолды аяқтауы тиіс. Қазірдің өзінде 7 км тас жолды жөндеу жұмысы тәмамдалғанын айтады мамандар. Сондай-ақ, Хан Ордасы ауылына апаратын тас жолға күрделі жөндеу жүргізілмек. Бұл үшін қазынадан 1 млрд 900 млн теңгедей қаржы қажет. Қазавтожол компаниясының қызметкерлері қаржы көзі табылса, 6 айдың көлемінде жол салып береміз,- дейді.
Сурет zhaikpress.kz сайтынан жүктелді.