Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Оралдың Сарытау ауданындағы мектеп құрылысын өзге мердігер жалғастырады

c 17:34, 25/07/2018 c 1457

0:00 / 0:00

Ал осыған дейін құрылыс-монтаж жұмыстарын атқарған "Св-плюс" ЖШС жауапсыз мердігер деп танылып отыр. Кәсіпорын директоры ұлттық экономиканың экс министрі Қуандық Бишимбаевтің ісін қарау кезінде айыптылардың бірі ретінде жауапқа тартылған болатын. Сот үкіміне сай Сәбит Утебалиев 85 млн. теңге айыппұл төлеуге міндеттелді.

Мектеп құрылысына 1,8 млрд теңге бағытталуы тиіс болатын. Алайда 2016 жылы басталған жоба біраз уақыт қаңтарылып тұрды. Негізі мектеп былтыр желтоқсан айында қолданысқа берілуі тиіс еді. Жұмыстың тоқтауы "СВ плюс" компаниясының директоры Қуандық Бишимбаевтің ісіне қатысы бар деген күдікпен тергеу нысанасына ілігіп, айыпталумен тұспа-тұс келді. Бүгінде сақалды құрылысқа айналып бара жатқан нысанды тезірек қолданысқа берудің қамы жасалып жатыр.

Бұрынғы мердігердің ісін басқа компанияға жалғастыру оңайға соқпайтыны белгілі. Осы жауапкершілік артылған "Жиенбай" ЖШС-нің жұмысқа кіріскеніне 1 айдай болған. Аяқсыз қалған құрылыста желдеткіштің ашық қалуы нөсер кезінде су кетуге әкеліп соқтырыпты. Жаңа мердігер кәсіпорынға енді бұрынғы атқарылған жұмыстың барлық олқылықтарының орнын толтырып, жобаны игеріп, аяқтау тапсырылып отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.