0:00 / 0:00
Ел чемпионатының премьер лигасы аясында 3-ші орында келе жатқан Қостанайдың "Тобыл" командасын қабылдады. Жаңбыр астында өткен тартысты ойында өкінішке орай, жерлестеріміздің жоспары орындалмай, қарсыласына есе жіберіп алды.
Ауа райының қолайсызығына байланысты шығар Петр Атоян атындағы алаңға футболшылароды қолдауға келген жанкүйерлер қарасы тым аз болды. Аяқ допшылар да жауын астында бар өнерлерін көрсете алмаған сыңайлы. Матч сағат 17:00де басталды. Тартысты ойын нәтижесі көңіл қуантарлық емес. Көп күш жұмсалып, тер төгілгенімен жерлестеріміз мергендік таныта алмады. Екінші тайм соңында қарсыластар сапынан Джаба Канкава есеп ашып, кездесу 1:0 есебімен Қостанайдың "Тобылының" пайдасына аяқталды.
"Ақжайық" футбол командасының бапкері бұл жеңіліске қарап ойыншылар еңбегін бағалау әділетсіздік деп санайтынын айтты. Қазіргі кезде "Ақжайық" футбол командасы турнир кестесінің 8-ші орнында келе жатыр. 30 қыркүйекте оралдықтар көмірлі қала аяқ допшыларына қарсы өнер көрсетеді.