Кездесу 18-тамыз күні сағат 17:00де Атоян атындағы алаңда өтті. Премьер лига аясындағы турнирді ұйымдастыру кезінде қоғамдық тәртіпті қадағалап, жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ІІД-нің 150 қызметкері тартылды. Бұл жөнінде БҚО ІІД ЖПҚ бастығы Манарбек Габдуллин мәлімдеді. "Ақжайық" футболшылары мен "Ақтөбе" аяқ допшылары арасындағы кездесуде есеп ашылмай, матч 0:0 көрсеткішімен аяқталды.