Елорданың төрінде жерлестеріміз азулы қарсылас-"Астана" аяқ допшыларымен күш сынасты. Алайда бірінші матч "Ақжайық" үшін нәтижелі болмады. Алаң иелерінен 3:0 ұпайымен жеңіліп, елордалықтарға жол берді. Енді команда алдағы ойындарға дайындалуға кірісіп отыр. Ал кезекті кездесу алдағы сенбіде, 17-наурыз күні Қызылорданың "Қайсарына" қарсы оздырылмақ.