Оралдық волонтерлар мен "Жасыл ел" жасағының мүшелері тұрғындарға 40 мың бетперде таратты. Аталмыш акцияның мақсаты- жұқпалы инфекцияның таралуына тойтарыс беру. Қазіргі таңда санитария талаптарын сақтамайтын жандар әлі де бар. Олар қоғамдық орындарда бетперде кимей, қарапайым сақтық шараларын естен шығарып жатады. Әлем елдері барынша күресіп жатқан пандемияның қашан аяқталатыны белгісіз. Ғалымдар енді-енді вирусқа төтеп беретін екпені сынақтан өткізіп жатыр. Екпе дайын болмайынша адамзатқа қауіп төніп тұр. Сол себепті қарапайым сақтық шараларын сақтаңыздар!