0:00 / 0:00
"Ақжайық" хоккей ойыншылары 1947 жылдан бері түрлі сайыста облыс намысын қорғап келеді. Бүгінде спортшыларымыз қаңтардың аяғында Швецияда ұйымдастырылатын әлем чемпионатына дайындықтарын пысықтап жатыр.
Өткен жылы күрделі жөндеуден өткен "Жастық" стадионында күн сайын өнерлерін шыңдап, жаттығуларын пысықтап жатқан спортшыларды көруге болады. Бүгінде Ақжайық хоккей құрамасы кезекті әлем чемпионатына дайындықты бастап та кеткен. Олар биылғы мауымда да Ресей лигасында бас жүлдені қанжығалау үшін барын салмақ. Бүгінде құрамынының сабында 2 қақпашы мен 18 ойыншы бар.
Допты хоккейді жанына серік қылған спортшылар суперлигада өнер көрсетуді армандайды. Хоккейді халық арасында ерлер ойыны деп те атап жатады. Мұз айдынында өңір намысын қорғап жүрген жандар нағыз хоккей ойыншысы болуы үшін спортшының бойында мынандай қасиеттер болуы керек деседі.
Оралдың оғландары еліміздің құрамасының сабында қаңтар мен ақпан айында Швецияда және Ресейдің Красноярск қаласында ұйымдастырылатын әлем чемпионатында өнер көрсетіп, ел намысын қорғамақ.