Орал қаласында жас шаштараз былғары қолғап шеберіне көрсеткен қолдауы ретінде Геннадий Головкинің бет-жүзі бейнеленген шаш үлгісін жасады. 17 жастағы Думан Ілиясов саз колледжінің студенті. Бұл оның алғашқы күрделі туындысы. Арна тілшілерімен кездескен шаштараз болашақта басқа да айрықша жаңа шаш үлгілерін көпшілік назарына ұсынып, осы кәсіпті дамытуды қалайтынын айтып берді.
Думан осы шаш үлгісін жасау үшін 4 сағат уақыты кеткенін айтады. Өзінің достарының бірі осы идеяны жүзеге асыруға көмсектесіпті. Маған әсіресе жалынды көздері мен еріндерін шынайы бейнелеу күрделі болды дейді Думан Ілиясов. Бұл Думанның алғашқы күрделі туындысы. Сондықтан кемшін тұстар болса, сынға алып, сөкпеуді өтінеді. Болашақта осы салада шеберрлігігін шыңдауды қалайтын жас сурет салуды жақсы көреді. Жеткіншек Геннадий Головкинмен кездесуді армандайды. Алда мексикандық Канеломен болатын ұрыста былғары қолғап шеберіне деген қолдауын ол осы шаш үлгісі арқылы көрсетпек болған.