Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ОРАЛДЫҚ ШӘКІРТТЕР ДРОН ҰШЫРЫП ҮЙРЕНУДІ БАСТАДЫ

c 16:54, 01/07 c 3

0:00 / 0:00

Ұшақ басқаруды армандамайтын бала кемде-кем. Облыстық балалар техникалық шығармашылық орталығының «Авиа үлгілеу» үйірмесі бала қиялына қанат бітіріп, ұшақты пультпен басқаруды үйретеді. Ол үшін қатысушы өз қолымен ұшақ жасап шығарады. Соңғы жылдары балалар дрон ұшыруды үйренуде. Көзілдірік арқылы дронды алыстан басқарады. Әуе техникасын практикада қолданбас бұрын, компьютер арқылы білімін толықтырады. Белгілі бір уақыт стимулятормен жаттығады. «Дронмен жұмыс – әлемдік деңгейде сұранысқа ие, әрі кез келгеннің қабілеті жете бермейтін спорт түрі»,- дейді үйірме жетекшісі.

АЙБЕК МИРҒАЛИЕВ

ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР ТЕХНИКАЛЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ ОРТАЛЫҒЫ «АВИА ҮЛГІЛЕУ» ҮЙІРМЕСІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ

16 жастағы Даниял Казымов сабақтан тыс уақытын үйірмедегі жұмысқа арнайды. Авиа бағытындағы білімін жетілдірген жас инженер бүгінде дрондардың техникасын жатқа біледі, түрлерін жаңылмай ажыратады. Болашақта алып ұшақты тізгіндеуді армандайды. Қазір үзбей дайындалып, түрлі деңгейдегі жарыстарға қатысу арқылы тәжірибесін шыңдап жүр. Жыл басында Татарстан Республикасының Қазан қаласында өткен «Болашақ ойындары» халықаралық жарыста Қазақстаннан алғаш рет қатысқан. Оралдық шәкірт үздік ондықтың тізіміне енді. Айта кетсек, бұл додаға Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та арнайы келген болатын.

ДАНИЯЛ КАЗЫМОВ

«АВИА ҮЛГІЛЕУ» ҮЙІРМЕСІНІҢ ҚАТЫСУШЫСЫ

«Авиа үлгілеу» үйірмесінің қатысушылары таяуда оңтүстік астана – Алматыға сапар шекпек. Бұл – биылдыққа екінші сапар. Маусым айында дарынды шәкірттер әлемдік деңгейдегі дрон жарысынан жолдама ұтса, енді сол сында бақ сынамақ.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.