Қызылшадан сақтаныңыз.БҚО халқын әсіресе балаларды қызылша ауруынан сақтандыру және алдын алу мақсатында Ұлттық сараптама орталығының БҚОФ мамандары ашық есік күнің өткізді.Осы күні мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының мед қызметкерлері санитарлық дәрігерлерден дәріс алды.Лекция барысында қызылшаның белгілері туралы, одан сақтану жолдары мен алдын алу шаралары туралы айтылды.Шараға қатысқан білім беру ұйымдарының дәрігерлері қызылша ауруына қатысты сұрақтарын қойып санитарлық дәрігерлерден жауаптарын алды.Айта кетейік осы ақпан айының басында БҚО -да қызылша белгілері байқалған бір адам ауруханаға түскен болатын.Одан кейін әзірге қызылша дерегі облыс бойынша тіркелген жоқ.Соған қарамастан Оралдың санитар мамандары сақтық шараларын күшейтіп балабақша дәрігерлеріне арнап түрлі лекциялар оқуды жалғастырып жатыр.