Оралдық полициялар тұрақты түрде қалта ұрлығымен айналысып келген қылмыстық топты құрықтады.Белгілі болғандай бұл азаматтар бұған дейін де топ болып бірнеше мәрте қалта ұрлығымен айналысқан.Қазір полиция осы қылмыстық топ 15 қалта ұрлығын жасағанын айтып отыр. Орал қаласы, Ә.Молдағұлова көшесі бойында "Ақжайық" мейрамханасына қарсы жол жиегіне тоқтаған қоғамдық көлікке отырмақ болып, өз ойын жүзеге асырған адамды байқауға болады. Осы видеоның ізімен дереу іс көтеріліп, осы қылмыстық топ құрықталған.Қазір олардың істері түгел дәлелденіп, полиция қылмыстық істі бастапты.
Қылмыстық топта үш адам, олардың жастары шамамен 25-30 жас аралығында.Өздері негізінен Ақтөбе облысынан.Тергеу барысында олар Ақтөбеден Оралға қалта ұрлығы "бизнесі" бойынша келгендерін мойындады деді полиция басқармасының мамандары.
Полиция өкілдеріне адамдардан ірі көлемдегі ақшасын, телефоның жоғалтқаны жөнінде бірнеше арыздар түскен.Сол келіп түскен арыздардың ішінде 15 іске осы аталған қылмыстық топтың қатысы бар болып шыққан.Бұл гастролерлер Ақтөбе облысынан Оралға келіп тұрақты түрде қоғамдық көліктерде, кісі көп жүретін жерлерде адамдардың ақшасын, телефоның тонаумен айналысқан.Қазір осы іс бойынша қылмыстық тергеу жүріп жатыр.