Оралдық полицейлер әйелдерді тонаумен айналысқан адамды қолға түсірді.Полицияның шұғыл іздестіру шараларына кіріссіп кетуіне тұрғындар тарапынан түскен арыз - шағымдар себеп болыпты. Наурыз айы басталғалы бірнеше әйел адам түнгі уақытта белгісіз бір ер адамның затарын ұрып - соғып, тартып алып кеткендіктері жөнінде полицияға арыз қалдырады.Түскен арыз -шағымдарға талдау жүргізген мамандар барлық оқиғаларды бір адамның жасағаның түсінеді.Шұғыл іздестіру шаралары барысында 1971 жылғы ер адам қолға түскен.Ол наурз айында 4 бірдей тонау фактісін жасаған. Қазір ол қамауға алынып, үстінен қылмыстық іс қозғалған. Бұл адам бұған дейін де қарақшылық, тонау оқиғаларына қатысты істі болып, сотталған.