0:00 / 0:00
Көк байрағымыз Белоруссия көгінде желбіреді. Халықаралық жарыста еліміздің мерейін өсіріп, мәртебесін асырған жас спортшылар өзіміздің Оралдық таэквандошылар. Миниск төрінде өз салмақтары бойынша ешкімге орын бермей үш бірдей алтын жүлдені қанжығалаған өрендеріміздің өнеріне 19 елдің өкілдері куә болған.
11 жастар Алессандро Карбоне ел намысын түрлі халықаралық додаларда қорғап, жүлделі орындарға ие болып жүр. Жас спортшы жақында ғана Минискдегі сайыста қарсыластарынан оқ бойы оза шауып, бірінші орынды иеленді.
19 елдің спортшылары қатысқан байрақты бәсекеде еліміздің атынан 70 спортшы өнер көрсеткен. Олардың төртеуі оралдық. Ел намысын қорғаған жас өрендердің үшеуі алтын медальға ие болды. Бүгінде спортшыларды таэквандо спортына баулып жүрген бапкер шаһарымызда аталмыш спорт түріне қызығып, дайындалып жүрген жастардың қатары көп,-дейді.
Шетелдік жарыста үш алтынды қанжығалаған жас спортшылар келер жылдың наурызында Алатаудың баурайында ұйымдастырылатын Азия біріншілігіне дайындықтарын бастапты.