0:00 / 0:00
Полиция басқармасының қызметкерлері әлеуметтік желіде таралып, қоғамда резонанс тудырған оқушылардың төбесі туралы ақпарат берді. Оқиға облыс орталығында Әбілқайыр даңғылында болған. Полиция қызметкері төбелеске қатысқан 6 баланың үстінен бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.
Әлеуметтік желіде бір топ оқушының төбелесіп жатқаны түсірілген бейнежазба тез таралып, қоғамда резонанс тудырған. Алты баланың төбелесі Оралдағы Тұңғыш президент алаңында 7-ші ақпанда болған. Полиция қызметкерлері төбелеске қатысқан оқушылардың кім екендігін анықтап, куәгерлерден жауап алыпты.
3 мектептің оқушылары алаңда төбелескені анықталып отыр. Қалалық білім беру бөлімі басшысының міндетін атқарушы Батика Пайдина болған төбелестен кейін, жоғарғы сыныптың оқушылары, соның ішінде ер балалармен жұмыстанудың жаңа үлгісін қарастыруымыз керек,- дейді.
Төбелеске қатысқан 6 оқушыға қатысты қылмыстық іс қозғалған. Қазіргі таңда білім беру бөлімінің қызметкерлері мектеп директорлары, ата-аналармен жиналыс ұйымдастырмақ.