Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Оралдағы мектепте оқушылардың улану фактісі бойынша тергеу жалғасуда

c 14:49, 05/10/2018 c 1245

0:00 / 0:00

Орал қаласының №40 мектебінде газдан уланып, жедел жәрдеммен 15 оқушы ауруханаға жеткізілген болатын. Олардың барлығына белгісіз химиялық заттан улану деген диагноз қойылып отыр. Дәрігерлер балалардың өміріне төнер қауіп жоғын айтып, үйлеріне қайтуға рұқсат еткендерін мәлімдеді. Бүгінгі күні аталмыш мектепте қалыпты режимде сабақтар жалғасып жатыр. Сондай-ақ білім ордасының бір мұғалімінің де жағдайы күрт нашарлап, медициналық көмекке жүгінген.

Жедел жәрдем қызметіне №40 мектепте оқушылардың денсаулығы нашарлап, улану белгісі байқалғаны жөніндегі хабар 4-қазан күні сағат 11:24 келіп түскен. Оқиға орнында 5 бригада жұмыс жасайды. Алғашқыда 3 оқушы өздерін жайсыз сезінген. Артынан тағы 12 оқушы балалар ауруханасына жеткізіледі. Кейін 27 жастағы мұғалімнің жағдайы нашарлаған. Мектеп ғимаратынан 300-ден астам бала эвакуацияланған.

Жүргізілген тексерістерден соң мектеп ғимараты қауіпсіз деп танылып, сабақтар жалғасып жатыр. Оқушылар сабаққа түгел қатысуда. Ауруханадағы балалар үйге шығарылған. Қазіргі кезде оқиғаның себебі мен кінәлі тұлғалар анықталуда. Алдын ала болжам бойынша бұл жоғары сынып оқушыларының жасаған бұзақылы болуы мүмкін. Тиісті органдар осы бағытта тергеу жұмыстарын атқарып жатыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.