Жергілікті тәртіп сақшыларының айтуынша, 14 қаңтар күні түскі сағат 12лер шамасында Зашаған ауылындағы үйлердің бірінен ваз маркілі көлік ұрланған. Осы маңда қызметте жүрген полиция сержанттары бірден оқиға орнына жетіп, біраздан соң жоғалған көлікті тауыпты. Қашып кетпекші болған күдіктіні де Сейітқалиев пен Рақымжанов оқиға ізін суытпай ұстаған көрінеді.