0:00 / 0:00
Оралда алғаш рет жылы аялдама пайда болмақ. Аталмыш аялдама павильоны Еуразия аялдамасында орналасқан. Қазіргі таңда мердігерлер жұмысты аяқтай келген.
Нысан аялдаманы жылытатын арнайы кондиционер, телефонды қуаттау үшін қажет электр тоғымен, бейнебақылау құрылғылармен жабдықталмақ. Бір аялдаманы орнату үшін бюджеттен 7 млн. теңгедей қаражат бөлінген.
Сала мамандарының тартқан ақпарына сүйенсек, екінші жылы аялдама Жигули аялдамасында орнатылмақ. Десек те, облыс орталығында жылы аялдама түгілі 150-ге жуық аялдамада жабық павильон жоқ.
Тұрғындар ауа райының қолайсыздығында автобусты күтудің өзі мұң екенін айтады.
Тұрғын үй коммуналды шаруашылығының мамандары тартқан ақпарға сүйенсек, 2020 жылы 18 жаңа аялдама павильоны орнатылған. Биыл да қала аумағында 10 жылы, 30 жаңа үлгідегі аялдаманы орнату жоспарланып отыр. Жолаушыларға көлік күтуге арналған жылы орын салу үшін 7,5 млн теңгедей қаражат керек болса, әрбір павильонның жаңа үлгісін қою үшін 1 млн. теңгедей ақша жұмсалады.