Орал қаласында жоғалып кеткен жігіттің өлі денесі табылды. Бұл жөнінде ТЖД хабарлады. 27 жасар Айвар Сәрсембиевтің із-түзсіз жоғалып кеткені жөнінде 22-шілде күні әлеуметтік желіде жарияланған болатын. Оның денесі Шаған өзенінен табылып отыр. Әзірге марқұмның суға қалай батып кеткені белгісіз. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін мүрдесі сот-медициналық сараптамаға жіберіліп отыр. Сол себепті суға кету фактісі ретінде тіркеуге алынбаған. Жалпы облыста осындай 16 қайғылы жағдай болыпты. Барлық жағдайда да сараптаманың нәтижесі күтілуде.