0:00 / 0:00
Оралда биыл 10 тұрғын үйдің жедел сатысы жаңғыртылады. Көп қабатты тұрғын үйлердегі жедел сатылардың əбден ескіруі - ауыстыруды талап еткелі біраз болды. Бірақ бюджеттегі қаражаттың тапшылығы қолбайлау болып келген еді. Оларды жаңаламаса, адам өміріне қауіп төндіруі ғажап емес. Осыған дейін бірнеше рет тіркелген қайғылы жайттан соң бұл ойланарлық жағдай,- деп санайды жедел саты қызметімен айналысушы кәсіпорындардың біріне жетекшілік етіп отырған Борис Деев.
Жедел сатышы бұл салаға мемлекеттің қолдаумен бірге, бақылауы да қажет болып отырғанын жасырмады. Себебі ешбір мекеме оған жауапкершілік алғысы келмейтін көрінеді. Мәселен Солтүстік шығыс ауданыдағы тұрғын үйдің бірінде жедел сатының аты бар да, заты жоқ.