0:00 / 0:00
Орал қаласында химиялық өнімдер өндіретін заводтың таныстырылымы өтті. Завод жұмысын БҚО әкімі Ғали Есқалев қарап, оң бағасын берді. Бұл кәсіпорын еліміздегі химиялық өнімдерді сырттан тасуды азайтады деген үміт бар.
"Топан" компаниясы нарықта 20 жылдан бері жұмыс жасайды. Компания химиялық өнімдерді өндірумен айналысады. Атап айтсақ, таза мұнай өнімін алу үшін мұнай құрамындағы заттарды реттейді. Заводта негізінен ірі мұнай, газ, тау-кен өндірістеріне тапсырыстар түседі. Завод жұмысымен БҚО әкімі Ғали Есқалев танысты. Бұл заводтың құрылысына мемлекет қолдау білдірген. "Бизнестің жол картасы" 2020 бағдарламасы арқылы арнайы субсидия берілген.
Химиялық өнімдер шығаратын завод заманауи технологияларды қолданып тұрғызылған. Өндіріс ошағы ешқандай қалдықсыз жұмыс жасайды, сондықтан да қоршаған ортаға зиянды емес,- дейді мамандар. Бүгінде Қазақстан мұнайға қатысты барлық химиялық шикізаттарды алыс -жақын шет елден алдырып отыр. Осы завод елдегі импортқа тәуелділікті азайтады еген үміт бар.
Завод жүздеген адамды жұмыспен қамтып отыр. Алда тапсырыстар көлемін арттырып, экспорт көлемін ұлғайту көзделуде.