0:00 / 0:00
Оралда тұңғыш рет "Жайық күні" аталып өтті. Аталмыш шараға орай Ресей Федерациясының Орынбор облысы мен Башқұрстаннан келген делегаттар арнайы табан тіреді. Шара барысында трансшекаралық өзеннің экологиясын жақсарту үшін қолға алынып жатқан істер мен орын алып жатқан олқылықтарды жою үшін қандай қадамдар жасалынуы тиіс деген сауалдар төңірігінде пікірлерін ортаға салды.
Облыс орталығында трансшекаралық Жайық өзенінің күні аталып өтті. Аталмыш шара өткен жылы Орынбордың Елегінен бастауын алған еді. Бұл жиын облысымызда тұңғыш рет ұйымдастырылып отыр. Аталмыш бас қосудың негізгі мақсаты: Жайық өзеннің экологиялық жағдайын қадағалау, өзеннің тазалық мәселесін талқылау мен екі ел арасындағы достық қарым- қатынасты нығайту болып табылады.
Өткен жылы ұйымдастырылған шарадан кейін Орынборлық тарап Жайық күнін қыркүйектің соңғы жексенбіне белгілегендіктерін жеткізді. Жайықтың жағдайын жақсарту үшін 460 млн рубль қаржы бөліпті. Сондай-ақ, Ресейлік мамандар, судың сапасында тексерген көрінеді. Орынбор губернаторы Жайықтың жағдайы әркез күн тәртібінен түскен жоқ,- дейді.
Жиында сөз алған Мәжіліс депутаты Шавхат Өтемісов Жайық өзеніне байланысты бірқатар мәселелерге тоқталды. Мәселен, халық қалаулысы Жайықтың экологиясы жақсаруы үшін су көп болуы керек. Соңғы жылдары судың көп мөлшері байқалмайды. Сол себепті Орынборлық тарап судың мөлшерін көбейткен дұрыс болар деп отыр. Ал,біздің тарап барлық су жағдайын зерттеп, суға кететін жерлерді анықтауы тиіс. Сондай-ақ, мәжілісмен екі елдің бірге жұмыстануы үшін ортақ фонд құру туралы да ойын ортаға салды. Аталмыш жиынға алғаш рет қатысып жатқан Челябинск облысының өкілі "Жайық" өзенінің жағдайын жақсарту үшін қолға алынған шараның мән маңызына тоқталып, Орынбор губернаторы мен Батыс Қазақстан облысының әкімін арнайы төс белгімен марапаттады.