Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Құқық пен діннің өзара байланысы

c 10:32, 27/09/2018 c 892

Ақжайық өлкесінде "Зайырлы қоғам: құқық пен діннің өзара байланысы" атты халықаралық форум болып өтті. Шараға Ресей, Украина, Өзбекстаннан сарапшы мамандар арнайы келді. Олар еліміздің түпкір-түпкірінен келген ғалымдармен бірге пікірлерін ортаға салып, тәжірбиелерімен бөліскен еді.
Облыс орталығында ұйымдастырылған халықаралық форумның негізгі мақсаты: радикализмге қарсы күрестің құқықтық және психологиялық аспектілерін қарастыру, діни қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын және дін саласындағы құқықтық реттеудің маңызыдылығын арттыру көзделген.

Бүгінгі күннің өзекті мәселесі-дін екендігі даусыз. Әрбір ел дәстүрлі діннің атын жамылып, өзгенің тағдырына балта шауып, бүтіндей мемлекетті құрытып жіберуді көздеген деструктивті ұйыммен күресіп әлек. Облыс орталығында радикализмнің алдын алу мен діни сауаттылықты арттыру үшін халықаралық форум ұйымдастырылды.

Бүгінгі таңда, облыс аумағында 71 діни субьекті тіркелген. Сондай-ақ, Ақжайық өлкесінде 46 мешіт, 19 православтық шіркеу бой түзепті. Еліміз бойынша Қазақстан діни мұсылмандар басқармасының қарамағында 2600 нысан жұмыстанып жатыр.

Ел болашағы жастар деп жатамыз. Осы жастардың деструктивті ұйымның жетегінде кетіп жататын деректер көптеп кездесетіні жасырын емес. Осы форумға арнайылап келген "Нұр-Мубарак" Египет ислам мәдениеті университетінің проректоры өзекті мәселелеге қатысты мынандай тұжырымын ортаға салды.

Дін саласында қызмет жасайтын мамандардың басын қосқан шара құқық қорғау, БАҚ өкілдері мен имамдардың біліктілігі мен тәжірбиесін шыңдау үшін секциялық отырыспен жалғасып, қорытындыланды.

Оператор:
Монтаж:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.