Оралда тауар тасымалдайтын вагон өртеніп кетті. Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерінің сөзінше, оқыс оқиға Вагонная көшесі бойындағы Урал Втор Мет ЖШС-де болған. Мамандардың мәлімдеуінше, қызыл жалынға оранғанм вагон есептен шығарылып, жойылуы тиіс болған. Ал шыққан алау шамамен таңғы сағат 10/40та толықтай сөндірілген.
Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Шығын сомасы мен өрт себебі бүгінде анықталып жатыр. Ал өртті сөндіруге бір техника мен 5 жеке құрам қызметкері жұмылдырылды.