Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Оралда тұрғын үйден 5 млн. теңгеге жуық ақша ұрланды

c 19:22, 16/10/2020 c 508

Үйден 5 миллион теңге көлемінде ақша ұрланды. Ұрлық фактісі Орал қаласының Зашаған кенті Тұмархан көшесі бойында орналасқан тұрғын үйде 12 қазан күні тіркелген. Үйде ешкім жоғын байқаған ұры тапа-тал түсте есіктің аузындағы құлыпты сындырып, қомақты көлемдегі ақшаны алып табанын жалтыратқан. Бұл тұрғынның жаңадан бапана немесе пәтер сатып аламыз деп тірнектеп, маңдай термен жиып-терген қаражаты екен. Арада 10 сағат өткенде полиция қызметкерлерімен ұры қолға түсіп, ақша толықтай тәркіленген. Осылайша қолды болған сома иесіне қайтарылып отыр. Айта кетейік, 2020 жылдың 9 айында Шаған полиция бөлімінде 22 пәтер ұрлығы тіркеліпті.

Оператор:
Монтаж:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.