Орал қаласында "Таза жағалау" акциясы ұйымдастырылды. Бұл шараға 20 мың батыс қазақстандық ат салысты. Жайық өзенінің жағалауын қоқыстан тазалау үшін ұйымдастырылатын шара облыс көлемінде бесінші мәрте ұйымдастырылып отыр. Тазалық акциясы жайлы келесі материалда.
Облыс көлемінде бесінші мәрте "Таза жағалау" акциясы ұйымдастырылды. Басты мақсат: Жайық жағасын күл-қоқыстан тазалау. Аталмыш шара облысымызға қарасты әрбір аудан мен ауылда болып өтті. Жағалаудағы тазалық акциясына 20 мың батыс қазақстандық ат салысыпты.
Өткен жылы ұйымдастырылған шарада облыс аумағында орналасқан жағалаулардан 560 тонна қатты тұрмыстық қалдық шығарылыпты. Демалысқа қарамастан облыс орталығындағы акцияға қатысқан жандардың қарасы қалың болды. Әсіресе, жасыл ел еңбек жасақтарында қызмет жасап жатқан жастардың "Жайық" туралы пікірі мынандай.
Екі елге ортақ трансшекаралық "Жайық" өзенінің тағдыры талай жанды толғандырып жүр. Орын алған олқылықтарды жою үшін үнемі ғалымдар бас қосып, түрлі экспедициялар да ұйымдастырылуда. Десек, әрбір азаматтың қоршаған ортаға деген қамқорлығы мен жағалау маңында тазалықты сақтауы жазылмаған заңдылыққа айналған кезде ғана барша адамзаттың дені сау болып, келешегі кемел болатыны бесенеден белгілі.