Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Оралда тарихи-мәдени ескерткіш саналатын ғимаратты сатып алушы табылды

c 18:13, 08/10/2018 c 873

0:00 / 0:00

Чапай көшесі 18 мекен-жайындағы көне үйді жалпы құны 58 млн. теңгеге М.Өтемісов атындағы БҚМУ сатып алған. Бұрын мұғалімдер семинариясы орналасқан көпестің үйі осы күнге дейін несие корпорациясының кепілдігінде болып келген еді. Бірнеше жыл бойы қараусыз қалған ғимараттың аянышты жағдайы мемлекеттік инспекция мамандарының алаңдаушылығын туғызған-тұғын.

Бұл ғимартта осыдан 5 жыл бұрын Баян Мақсатқызының продюсерлігімен "Күләш" (Бұлбұл) фильмі түсірілген болатын. Бір кездері көне ғимарат шығармашылық алаңына айналды дегенге бүгінде сену қиын. Үй 1878 жылы салынған. Көпес Вияхиревтің үйі болған, кейін мұғалімдер семираниясы орналасқан ғимарат мәслихаттың экс-депутаты Мұрат Жаркеевтің інісі Нұрлан Жаркеевке тиесілі болған. Осы үйде өз-өзіне қол жұмсаған марқұм азамат ғимартты несие корпорациясына кепілдікке қойып, 72 млн. теңге несие алған. Осы соманың 60 млн. теңгесі төленбей қалады.

Ғимаратты саттыққа шығару оның болашағы үшін маңызды болды. Бірақ аукцион кезінде белгілі бір қиындықтар кедергі келтірген. Енді көне ғимарат қайтадан мемлекеттің меншігіне қайтарылып отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.