0:00 / 0:00
Бұл - нағыз еңбек пен мейірімнің және бірліктің мерекесі. Еліміз көп ұлт өкілдерінен құралған мемлекет болғандықтан әр ұлт пен ұлыстың тарихы мен мәдениеті өз деңгейінде дәріптеліп мерекелерін тойлау өңірімізде дәстүрлі үрдіске айналды. Осымен 12 ші мәрте тойланып отырған Украин ұлтының аталмыш мерекесінде БҚО ҚХА төрағасының орынбасары Ғайса Қапақов құттықтау сөз сөйлеп шараның шымылдығын түрді.
ҒАЙСА ҚАПАҚОВ
БҚО ҚХА ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ, ХАТШЫЛЫҚ МЕҢГЕРУШІСІ
Мәселен өткен аптада сабан той мерекесін жоғары деңгейде атап өтсек бүгін сарочин жәрмеңкесін ұйымдастырып отырмыз. Ал алдағы уақыттада өзге ұлт өкілдерінің ұлттық құндылықтары ұлғаттаталады. Себебі өздеріңіз білесіздер мұндай мерекелер достыққа шақырып, бір-бірімізге деген сыйластықты сақтауға себеп болады. Бір-біріміздің салт дәстүрімізге сай құрмет көрсете білу Тәуелсіз еліміздің аспанының ашықтығын білдіреді. Мерекеліріңіз құтты болсын!
Жәрмеңке барысында украин ұлттық әндері шырқалып, көңілді билер мен қойылымдар көпшілік назарына ұсынылды. Сонымен қатар облыс аудандарынан келген этно-мәдени бірлестіктер ұлттық әшекей бұйымдарды, қолөнер туындыларын саудалады. Сондай-ақ саябақта демалушылар украин халқының ұлттық тағамдарынан дәм татты. Украиндық «Еднання» - облысымыздағы ірі этно-мәдени бірлестіктердің бірі. Оның 12 мыңдай мүшесі бар.
ГАЛИНА
Сорочин жәрмеңкесінің арқасында біз ұлттық әндерімізді еске түсіреміз, осылайша ана тілімізді жоғалтпаймыз. Ұлттық салт-дәстүріміздің жарқын нұсқаларын өзге ұлт өкілдерімен қосылып тойлауға мүмкіндік сыйлаған Елбасымызға алғысымыз шексіз. 12 жылдан бері Теректі ауданынан арнайы келіп мерекені барынша көңілді өткеруге тырысамыз.
Тоқшылық пен татулықтың үлгісіне айналған украйындықтардың дәстүрлі мерекесінде өз ұлтымыздың да тағылымды өнері дәріптелді.
Украин ұлты өкілдерінің ұйымшылдығы мен өз ұлтына деген жанашырлығы бұл күні анық аңғарылды. Өйткені Сорочин жәрмеңкесі жыл сайын жоғары деңгейде өткізіліп келеді дейді шараны ұйымдастырушылар.