0:00 / 0:00
"Не ексең, соны орасың!" Орал қаласында саяжай маусымы басталды. Бағбандар қоғамдастығы облыс орталығында осындай 17 мыңдай жер телім иелері барын мәлімдеп отыр. Қазір олар жер қопсытып, көкөністер мен жеміс-жидектерді егу жұмыстарын қолға алған. Мамыр айының ортасы мен маусым айының басы аталмыш жұмыстарды жүргізуге ең қолайлы уақыт болғандықтан саяжайшылардың белсенділігі артқан.
Саяжайларда ұзақ уақыт қараусыз қалған жерлер бар. Мәселен "Колос" саяжай бірлестігінде босқа жатқан телімдерді төрағасы Андрей Бойцов қалалық әкімдіктің жер қатынастары бөліміне иесіз деп тануды ұсынған екен. Сөйтіп, оны қажет ететін жанға табыстауға болар еді,- дейді ол.
Саяжай тұрғындары қазір мемлекет тарапынан ешқандай көмек жоғына өкпелі. Барлық коммуналдық қызметтерді жүргізу тек өз мойындарына артылған. Дегенмен жергілікті бағбандар қол қусырып отырған жоқ. Бір амалын тауып, тырбанып, жылыжайлар ашып, көкөністерін сонда өсіріп, жергілікті өнімді саттықа шығарып отыр. Валентина Ткаченконың 3 жылыжайы бар. Дәруменді өнімдердің біраз түрі осында өсіріледі.
-"Ауа райы болжамы тамаша. Бұрыш, қияр, қызанақ және өзге де көкөністердің барлығын егуге болады. Өзің бау-бақша отырғызғанға не жетсін. Бағасы да арзан, таза, дәруменге толы өнім аласың",- дейді Валентина Ткаченко.
Мамыр айының ортасы мен маусымның басы көкөніс пен жеміс- жидек отырғызып, одан мол өнім алуға кепіл болатын уақыт. Сондықтан бағбандар өз бау-бақшаларын күтуге көп уақыттарын арнайтындарын айтады.