Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Оралда саябақтар мен алаңдар дирекциясы құрылады

c 16:51, 03/03/2021 c 654

0:00 / 0:00

Оралда биыл саябақтар мен алаңдар дирекциясы құрылады. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Мирас Мүлкәй мәлімдеді. Осы орайда жергілікті қоғам белсенділері жасыл кеңістіктерге рекреациялық аймақ мәртебесін беруді ұсынады. Осылайша коммерциялық бағытта бой көтеретін нысандарды жасыл аумақтарға салдырмауға мүмкіндік тумақ.Биыл қаладағы мәдениет және демалыс саябағы негізінде «Саябақтар мен алаңдар дирекциясын» құру жоспарланған. Қала әкімінің орынбасарының айтуынша, дирекция қаладағы қоғамдық кеңістіктерді мақсатты пайдалануды жүзеге асырады. Бір ғана мысал- бұрын бұл жерде Фурманов саябағы болған. Тынымбақтағы барлық жасыл желек оталып, орнына бизнес нысаны мен көп қабатты тұрғынжай бой көтерген. Сол себепті шаһардағы жасыл желекті қорғап қалу үшін осы шара қолға алынып отыр.Орал қаласында қазіргі таңда 56 тынымбақ пен алаң бар. «Саябақтар мен алаңдар дирекциясын» құру-жасыл зонаны қорғап қана қоймай, оларды маусымға орай болатын түрлі зиянды факторлардың кері әсерінен сақтап қалуға себеп болмақ. Яғни жоба негізінде жұмыс жасайтын экологтар мен биологтар жылдың төрт мезгілінде де тынымбақтардағы тал-теректерді қорғап, олардың көбеюіне жағдай жасайтын болады. Қоғам белсенділерінің айтуынша, облыс орталығындағы сенбіліктерде отырғызылған ағаштардың тамырын тереңге жайып, жайқалып тұрмауының бірден-бір себебі оларды жерсіндіру барысында жіберілген қателіктер. Атап айтқанда көшеттер отырғызылған жерлерде арықтардың болмауы мен өскіндерді табиғи зонаға сәйкестендірмеу сынды негізгі мәселелерге мән бермеу. Осы бағытта жұмсалған қыруар қаржы салғырттық пен жауапсыздық салдарынан желге ұшқан.
Айта кеткен жөн, қазір тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі көгалдандыру саласына жетекшілік етеді. Осы жоба бойынша қаланың барлық саябақтары мен гүлзарларын паспорттау да жоспарланып отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.