Оралда полицейлер ұрыны қолға түсірді.Ол адам көп шоғырланатын орындарда, аялдамаларда, қоғамдық көліктердің ішінде тұрақты түрде қалта ұрлығымен айналысып келген. Азамат 1978 жылы дүниеге келген, бұрын дәл осындай ұрлық фактілері үшін істі болып, сотталған. Бүгінде осы азаматқа қатысты 10 қалта ұрлығы эпизоды бойынша іс тіркеліп, тергеліп жатыр.Қазіргі таңда қалта ұрлығы жиілеп кетуіне байланысты полиция қызметкерлері сақтық шараларын күшейтіп жатыр деп мәлімдеді Орал қалалық полиция басқармасының бастығының бірінші орынбасары Нұрлан Бисенов.