0:00 / 0:00
Биылғы жылы Оралдағы бір бөлмелі пәтердің құны 5,5 млн теңгені құрап отыр. Сала мамандары бұл баға өткен жылмен салыстырғанда аз-кем өзгеріске ұшырады. Алайда, жылжымайтын мүліктің сауда саттығы бұрынғы көрсеткіштерді құрап отыр,- дейді.
Баспана- талайдың арманына айналды. Өзім үйім өлең төсегім деп, жалдамалы пәтерден пәтерге көшпей, бөгде адамның босағасына тәуелді болмай, ұрпағын өрбітіп, бақытты өмір сүруді армандамайтын адам кем де кем шығар. Ал, Оралдықтардың арманындағы баспана қандай? Азаматтар қиялындағы пәтерге қанша қаражат төлеп беруге даяр?
Біз сұрастырған азаматтардың ой сантүрлі болды. Енді қазіргі таңдағы жағдайға үңілсек. Бүгінгі таңда 1 бөлмелі пәтердің бағасы шамамен 5,5 млн теңгені құрайды. Алайда, бес млн теңгеге жақсы пәтер сатып алуға болады деуден аулақпыз. Сала мамандары баға саясатына түрлі фактор әсер етеді. Олардың қатарында пәтердің орналасқан орны, оның аумағы мен жөндеу жұмыстары, тіпті дәліздің сыйқи бағаның құбылуына алып келмек. Сондай-ақ, пәтердің құнына тұрғын үйдің қай мезгілде саудаланғаны да өз әсерін тигізетін көрінеді.
Бүгінгі таңда, Оралдықтар 2-3 пәтерлі тұрғын үйді көптеп сатып алып жатыр. Олардың нарықтағы орташа бағасы 10-15 млн теңгені құрайды. Сондай-ақ, азаматтар жер үйге көптеп қызығушылық танытып отырған көрінеді.
Сала мамандары пәтер сатып алғысы келетін жандарға арнап бірнеше кеңестерімен де бөлісті.
Көптің арманына айналған баспана құны жыл өткен сайын шарықтап бара жатыр. Бұл фактор қаншама отбасының арманына қол жеткізуіне үлкен кедергі болып отырғандығы ақиқат.