Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Оралда орган қызметкері кейпіне енген алаяққа алданғандар саны артуда

c 16:59, 02/03/2018 c 737

Орал қаласында өзін салық органы қызметкерімін деп таныстырып, кәсіпкерлерден ақша бопсалаған алаяқтың үстінен тағы бірнеше арыз түскен. Қазір осы оқиғаға қатысты тергеу жүріп жатыр. Абай полиция бөлімінің тергеу бөлімшесінің өндірісінде айыпталушы Жігер Абузаровқа қатысты 1 эпизодтық іс тіркелген болатын. Қазір бұдан бөлек, оның тағы да 2 алаяқтық әрекеті анықталып отыр. Бірнеше адамның сеніміне кіріп алдап, ақшаларын алып кету фактісіне қатысы бар күдіктінің жеке басының деректері жинақталуда. Естеріңізге сала кетейік, 24-ақпан күні шаһарымыздың тұрғыны азамат Ладиннің авто шеберханасына келген бейтаныс жан оның кәсібі патенттелмегенін алға тартып, айыппұл салмақ болған. Ал бұл жазадан құтылу үшін құжатын заңдастырып беруге 60 мың теңге талап етіпті. Күдіктіні полиция қызметкерлерімен ұстау барысында қалтасынан бірнеше орган қызметкерінің жасанды төлқұжаты табылған болатын.

-"Бұған дейін де заң алдында жауапталып, соттталғаны, Орал қаласының тұрғыны екені, отбасын құрмағаны анықталды. ҚР ҚК 190 баппен іс тергелуде. Алаяқтық әрекеттер саны бұдан да көп болуы мүмкін. Сондықтан, фотода көрсетілген азаматтан зардап шеккен, алданған тұлғалар, тұрғындар болса, басқармаға хабарласуларын сұраймыз",-дейді Орал қалалық ІІБ баспасөз хатшысы Гүламан Исмагулова.

Оператор: Нурлан Кунашев
Монтаж:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.