Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Оралда мәдениет үйі салынады

c 17:37, 14/02/2019 c 793

Биыл облыс орталығында жаңадан мәдениет үйінің құрылысы басталмақ. Мәдениет нысанының құрылысы туралы өткен жылдары айтылған еді. Бүгінгі таңда нысанның құжаттары дайын. Ғимараттың құрылысы 2 жылға созылады деп жоспарланып отыр. Сондай-ақ, Зашаған кентінде жаңа мектептің құрылысы қолға алынбақ. Білім ошағы 900 орындық. Жаңа мектеп арнайы халыққа қызмет көрсету орталығының қасында орын теппек.

Өткен жылы қаламыздағы 50 көшенің 50 шақырым болатын жолы жөндеу көріп, 30 әлеуметтік нысанға баратын тас жол асфальталды. Жол салу жұмыстары үшін қазынадан 7,5 млрд теңгедей қаражат бөлінген. Облыс орталығында құрылыс қарқынды жүзеге асып келеді. Мәселен,былтыр Орал қаласында 26 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы басталған. Сондай-ақ, қаламызда 3 мектеп пайдалануға берілген.

Әкімнің есебі өткен мәдениет үйінде ине шаншар орын болмады. Қордаланған сауалдарын шаһар басшысына жолдау үшін келген азаматтар сұрақтарын қарша боратты. Сұрақтардың тақырыбы алуан түрлі. Бірі көшелерді жарықтандыруды көтерсе, енді бірі 28 мәрте полицияға арыз жазса да, құқық қорғаушылардың арызын қабылдамай, қолды болған дүниесін қайтара алмай отырғандығын тілге тиек етті. Ал, Ет комбинаты ауданында орналасқан "Речник" саяжайының тұрғындары жол мен жарықтың жоқтығын айтып, оқушылардың қыстыгүні күртік қардан мектепке бара алмайтынын айтып мұң шақты. Тіпті, саяжайдың тұрғындары сырқаттансақ, жедел жәрдем келмейді,-дейді.

Әкімнің есебінде тыл ардагерлерінің мәселесі де өз шешімін тапты. Енді тылда жұмыс жасаған жандар емханаға ешқандай кезексіз, дәрігер қабылдауына жазылмай ем-дом қабылдайтын болды. Бұдан өзге оралдықтарды баспана мәселесі, көпбалалы аналардың жағдайы, жер телімдерін беру, мүгедек жандарға арналған спорт комплекстің жоқтығы мен қам көңіл жандардың түрлі жарыстарға баратын автобустың жоқтығы алаңдатады.
Сондай-ақ, оралдықтар гараждардың мәселесін ортаға салды.

Жиынды қорытындылаған облыс әкімі Орал қаласының жеткен жетістіктеріне тоқталып, шешімін табуы тиіс мәселелерге тоқталды. Азаматтардың сұрағына арқау болған аз қамтылған отбасыларға көмектесу үшін жұмыс тобы құрылатындығын атап өтті.

Биыл шаһарымызда 14 үйдің құрылысы басталып, мемлекеттік -жекеменшік әріптестік аясында 3 тұрғын үй азаматтарға табысталмақ. Сондай-ақ, 2019 жылы облыс орталығында мәдениет үйі мен 51 мектептің құрылысы, Вителки ауылының тұрғындарына су тарту жұмыстары қолға алынбақ.

Оператор:
Монтаж:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.