0:00 / 0:00
Бұл үздіксіз жүргізілген рейдтік шаралардың нәтижесі. Бір күнде борышкерлер арасынан Циолковский 16/1 мекен-жайының тұрғыны 200 мың теңге төлесе, өзге тұтынушылар да тұтынған қызмет ақысын қайтаруда белсенділік танытыпты.
Жылу ақысының қарызы өзекжарар мәселеге айналғалы қашан. Шыктен тыс ушығып, дер кезінде өндірілмеген борыштар жылу таратушыларды тығырыққа тіреді. Бұл орайда үздіксіз жүргізілген рейдтер жемісін беріп отыр. Күн сайын борышкерлердің үйлерін аралаған коммуналдықтар біраз жетістікке қол жеткізді. Осыған дейін тұтынушылар "Жайық жылу қуат" АҚ-на 400 млн. теңге бережақ еді. Кәсіпорын кассаларында әдеттігедей адам қарасы үзілмейді. Үнемі коммуналдық ақыны кешіктірмей төлейтін тұтынушылар өзгелер үшінзардап шегіп отырғандарына өкпелі. "Жайық жылу қуат" АҚ өз тұтынушыларынан қарызын өндіре алмау салдарынан "Қазтрансгазаймаққа" борышты болып, қала бірнеше рет ыстық судан ажыратылды. Басынан қара бұлт арылмаған кәсіпорын осыған дейінгі басшылардың "бармақ басты, көз қысты әрекетінен" де біраз жапа шеккен еді. Қаржылық қиын жағдайға қарамастан қазір коммуналдықтар жылу маусымына дайындық қамына кірісті.