Оқиға кешкі сағат 6-лар шамасында орталық көшелердің бірінде болған. Тізгінге ие бола алмаған жас жүргізуші Лада гранта көлігіне соқтығысады. Көлік жүргізуді балақай әкесінен үйренген екен. Ал осындай қадамға баруға оны досы көндірген-мыс. Көлікті ұрлап кетпес бұрын жеткіншек үйде көбейту кестесін жаттап отырды дейді балаланың әкесі. Ал қолды болған "Сузуки" маркілі көліктің иесі бірер минутқа гараж кооперативтері төрағасына жолығуға түсіп, кілтін көлікте қалдырғанын айтады. Артынан темір тұлпарын таппай, сан соғып қалады. Абырой болғанда жарақат алғандар жоқ.