0:00 / 0:00
Орал қаласындағы Чапев атындағы шығанаққа мұнай өнімі төгілген.Бұл БҚО Экология департаментінің жүргізген зертханалық сынағынан кейін белгілі болып отыр. Естеріңізге сала кетейік, 13 сәуір күні Чапаев атындағы шығанақта су бетінде белгісіз дақ пайда болды деп барлық қызмет дүрліккен болатын.Қазір сынама нәтижесі шыққан.Енді ары қарай не болады, табиғатты ластағандар жазалана ма.
Орал қаласындағы Чапев атындағы су қоймасынан мұнай өнімі табылды. БҚО Экология департаментінің зертханасында жасалған сынама нәтижесі дайын.Қазір БҚО ПД тергеу тобы қылмыстық іс қозғап, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.Оқиға 13 сәуір күні болды. Судан арнайы сынама да алынған. Сол сынама нәтижесі бойынша су бетіндегі мұнай өнімі 6 есеге көп екені анықталан.Қазір су қоймасы маңайында алты мекеме жұмыс жасап тұр.БҚО экология департаменті мен полиция департаменті кеме жөндеу кәсіпорыны аумағындағы 6 мекемеге қатысты жоспардан тыс тексеру жұмыстарын бастады.Себебі суға мұнай өнімін кім жібергені белгісіз.Ешкім өз еркімен мойындамай отыр. Арнайы тексеріс жұмыстары 10 күнге жоспарланған.10 күндік тексерістен кейін кінәлі тұлға анықталады.Кінәлі тұлға анықталғаннан кейін табиғатқа келтірілген залал есептеліп, кінәлі тарап жауапқа тартылатын болады.