Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Оралда кәсіпкерлерді бопсалаған алаяқ қолға түсті

c 18:13, 27/02/2018 c 923

0:00 / 0:00

Орал қаласында өзін салық органы қызметкерімін деп таныстырып, кәсіпкерлерден ақша бопсалап жүрген алаяқ қолға түсті. Пысықай азамат жәбірленушінің сеніміне кіріп, шеберханаңды патенттеп беремін деп 60 мың теңгені алып ізін жасырмақ болған. Көңілдеріне күдік ұялаған тұрғындардың шағымымен жалған құжат иесі алысқа бармай құрықталды. Қолға түсіру кезінде оның қалтасынан қаржы полициясы мен жол патрульдік полициясы қызметкері атына рәсімделген жалған құжаттар табылған.

Вячеслав Ладиннің үйі Шаған жағалауы көшесінің бойында орналасқан. Өткен аптада оған белгісіз азамат келіп, өзін салық органы қызметкерімін деп таныстырып, айыппұл саламын деп қорқытқан. Себебебі кәсіпкер патенттелмеген авто шеберхананың иесі екен.

Әзірге тергеу жұмыстарының құпиялылығына байланысты азаматтың аты-жөні жария етілмей отыр. Мұнтаздай болып киініп, сауатты сөйлей білетіндіктен шығар сенімімізге кіріп алды. Тек көршілер ғана бір нәрседен күдіктеніп, салық органында жұмыс жасайтын таныстарына хабар берген. Ал олар аталған азаматтың ол жерде жұмыс жасамайтынын айтыпты.

ІІД әзірге тергеу ісіне байланысты аталмыш факті жөнінде ақпарат жария етілмейді деп хабарлады. Күдіктінің қалтасынан жол патрульдік полициясы, қаржы полициясы және өзге де құзырлы орган қызметкері ретінде рәсімделген құжаттар табылған.

Вячеславтың жары бұл алаяқтан зардап шеккендер көп болуы мүмкін деп болжап отыр. Егер жәбірленушілер болса ішкі істер басқармасына арызданып, өз құқықтарын қорғауға әрекет етуге шақырамыз.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.