0:00 / 0:00
Орал қаласында өз аумақтарынан қарды шығармаған кәсіпкерлерге жыл басынан бері 400-ге тарта айыппұл салынған. Күннің күрт жылынуына байланысты жергілікті полиция талапты орындамаған бизнес өкілдеріне жаза қолдануды қатаңдатып отыр. Себебі жалғыз коммуналдық кәсіпорын ақ ұлпадан қаланы бір өзі тазалап шығуға қауқарсыз. Тәртіп сақшылары бұл орайда өз міндеттерін орындамаған кәсіпкерлер 30 айлықтан 100 айлық есептік көрсеткішке дейінгі айыппұлға тартылатынын ескертті.
Күн сайын облыс орталығын қардан тазалауға 100 бірлік техника мен 350 адам күші тартылады. Ауа температурасы жоғарылаған сайын мүжілген ақ мамықтан тезірек арылу үшін коммуналдықтар екі ауысымда жұмыс жасауда.
Қаланы абаттандыру туралы ережеде кәсіпкерлердің өз аумақтарын тазалауға міндетті екені жазылған. Алайда бұл міндетті орындауға немқұрайлы қарайтындар баршылық. Сол себепті қазір арнайы ескерту жасалуда.
Қардан келер залал күн жылынған сайын арта түседі. Өз аумағын қардан тазаламаған жеке тұлғалар-20 айлық, щағын бизнес өкілдері-30, ал ірі бизнес нысандары- 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұлға тартылады.
Ескертуге құлақ аспайтын кәсіпкерлерге шара қатаңдатылады. Айта кетейік, қаланы түгелдей қардан аршу бір ғана коммуналдық кәсіпорын үшін ауырлық туғызады. Сол себепті қосымша күштер тарытлуы мүмкін.