Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Оралда "Digital InWest" форумы өтті

c 18:00, 13/09/2019 c 702

0:00 / 0:00

Бүгін шаһарымызда "Digital InWest" Инвестициялар және цифрландыру бойынша үлкен форум өз шымылдығын түрді. Шараға халық­ара­лық IT-қоғамдастықтардың өкіл­дері, технология саласындағы таны­мал сарапшылар, кәсіпорын басшы­лары, цифрлы жобалар саласының кәсіби мамандары, ғалымдар, инвесторлар қатысып, IT саладағы жетістіктер кеңінен насихатталып, сарапшылар технологияларды енгізу тәжірибесімен бөлісті.

"Орал трансформатор зауыты" ғимаратында өткен Digital InWest" Инвестициялар және цифрландыру жөніндегі форумы аймақтың экспортқа бағытталған тауар өндірушілерінің және форумға қатысушылардың ІТ-жобаларының көрмесінен басталды.Онда өңірдің өнеркәсіп және цифрландыру саласындағы әлеуеті танытатын 25 тауар өндіруші, сондай-ақ 30-дан астам IT-компаниялар қатысып, өз өнімдері мен жобаларын таныстырды.

Өз сөзінде аймақ басшысы Ғали Есқалиев жаңа технологияларды меңгеру - заман талабы болса, осы үдеріске қалмай ілесу міндет, - екендігін баса атап өтті. Қазіргі уақытта цифрландыру аясында Батыс Қазақстан облысында экономиканың барлық негізгі салалары бойынша 100-ден астам жоба жүзеге асырылуда. Бұл жобалар халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға және мемлекеттік бюджеттің тиімді жұмсалуына бағытталған.Атап айтар болсақ,
өңірдің шалғай ауылдарына талшықты оптикалық байланыс желісі жүргізіліп жатқан болса, жер учаскелерін онлайн форматта аукциондар өткізумен қамтамасыз етукөзделуде. Аталмыш бастама өңірдің барлық аудандарын да қамтымақ. Сондай-ақ, геоспутниктік портал арқылы жер учаскелері назарда болса, геосалықтық портал арқылы салық саласындағы көлеңкелі тұстар ескерілмек.

Шетелдік компаниялардың алдында цифрландырудың негізгі қажеттіліктерін белгіледі.
Форумға Германия Израиль сынды елдерден арнайы келген делегация мүшелері мен өнертапқыштар өз жабдықтарын сатып қана қоймай, бірге әртіптестікте инвестор ретінде жұмыс жасауға ниетті. Жас буын өкілдері де елдегі инновация қарқынына ілесіп, оның дамуына өз үлестерін қоспақ.

Форум жұмысы цифрландыру бойынша 4 секцияға бөлімімен жалғасты.Әр секция шеңберінде отандық және шетелдік компаниялардың өкілдері сөз сөйлеп, ойларын ортаға салса, Қазақтелеком АҚ мен БҚО Информатизация департаменті және Бөрлі ауданының әкімдігі СмартСити пилоттық жобсын іске асыру бойынша үшжақты меморандумға қол қойды.

Автор:
Оператор: Олег Писаренко
Монтаж:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.