Екі бірдей 9-қабатты үйдің құрылысы "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша жүргізілген. Тұрғындарға құтты болсын айта келген облыс басшысы Алтай Көлгінов те мемлекеттің ұсынып отырған мүмкіндіктерін де тілге тиек етті.
Пәтер кілтіне ие болғандар қатарында Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген адамдар, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар, бірінші және екінші топ мүгедектері мен көп балалы отбасылар бар. Жүздері балбұл жанған олардың әрбірінің де қуанышында шек жоқ.
Татьяна Кулагина
Бұл пәтерді 17 жыл бойы күттік. Өте қуаныштымыз! Барлық пәтер иелерінің де отбасыларына бақыт пен шаттық тілейміз!
2017 жылы "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында облысымызда 1500 пәтер пайдаланылуға берілсе, биыл 16 көппәтерлі үйлерді салу жоспарлануда.