1982 жылғы, еш жерде жұмыс жасамайтын С.есімді тұлға "Солтүстік- Шығыс" аудандағы көп қабатты пәтердегі жертөле есігін бұзып кірген. Жертөледен 1987 жылғы М. есімді азаматқа тиесілі "Кордиан Сноу Кросс-2" маркалы су жаңа 4 қысқы тікенекті дөңгелектерді ұрлаған. Дөңгелектердің иесіне 65 мың теңге материалдық шығын келді. Арада біраз уақыт өтсе де күдікті енді ұсталып отыр. Ұры дөңгелектерді өзгеге сатып үлгерген. Осы кезге дейін әккі қарақшы тағы 7 эпизод бойынша қылмыс жасапты. Бүгінде тергеу амалдары жүргізілуде. Енді ұрланған заттар біртіндеп өз иелеріне қайтарылуда. Жыл басынан бері Орал қаласында 1525 ұрлық оқиғасы тіркелді.