Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Оралда автокөлік 2 жаяу жүргіншіні қағып кетті

c 11:17, 08/10/2018 c 693

0:00 / 0:00

Оралда автокөлік 2 жаяу жүргіншіні қағып кетті. Оқиға Достық даңғылы мен Ғұмар Қараш көшесінің бойындағы жаяу жүргіншілерге арналған жолақта орын алды. Тап осы қиылыста бір мезетте бірнеше жол көлік оқиғасы тіркеліп, үлкен кептеліс пайда болды. Зардап шеккендердің бірі-кішкентай қыз бала. Қасындағы əйел адамның көбірек зақым алғаны байқалады. Жедел жəрдем көлігі оларға медициналық көмек көрсетіп, артынша ауруханаға алып кетті.

Ғұмар Қараш пен Достық даңғылының қиылысында бірнеше жол көлік оқиғасының тіркелуі үлкен кептеліске себеп болды. Бірінші оқиға осы тұста «Нива-Шевроле» мен «Лада-Калина» автокөлігінің түйісуімен орын алды.

Көліктер нөпірі артып, қозғалыс қиындаған шақта осы жылдың бойында екінші жол көлік апаты тіркелді. 9 жасар кішкентай қыз бен әйел адамды Волга көлігі қағып кеткен.

Қиылыста ұзақ тұруға шыдамаған қоғамдық көліктер қарсы бағытқа шығып жүріп, апатты жағдай туғызды.

Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем көлігі жарақат алғандарға медициналық көмек көсертіп, артынша ауруханаға жеткізді.

Жолдағы келеңсіздікті жергілікті полиция қызметі дереу ретке келтіріп, соғылған көліктермен жабылған жолдағы қозғалыс көп ұзамай қайта жанданды.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.