Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Оралда автобус жүргізушілері жетіспейді

c 16:51, 05/03/2019 c 691

0:00 / 0:00

Орал қаласында жолаушыларды тасымалдайтын 6 автопарк бар. Бүгінде әрбір автопарк шама-шарқы жеткенше, қарызданып, тозығы жеткен темір тұлпарларын жаңаларына алмастырып жатыр. Өткен жылы қоғамдық көліктер 50-ге жуық жаңа автобуспен толықты. Облыстық тасымалдаушылар ассоциасы директорының сөзінше, тасымалдау ісінде қордаланған мәселе көп. Бірінші мәселе субсидия мәселесі. Өткен жылы тасылдаушылар жергілікті бюджеттен 170 млн теңге көлемінде қаражат алған. Десек те, бұл қаржы тасылдаушыларға аздық ететін көрінеді.

Сондай-ақ, қаламызда қоғамдық көлікті тізгіндейтін жүргізуші тапшы. Маман тапшы болғандықтан жаңадан сатып алынған автобустар маршрутқа шыға алмай, қаңтарып бос тұрған көрінеді. Жүргізушілердің автопарктерге жұмысқа тұрмауына бірнеше себеп бар. Бірінші себеп- жалақының мардымсыз болуы. Орташа есеппен әрбір тасымалдаушы компания жүргізушілерге 50 мың теңге көлемінде жалақы төлейді. Сондай-ақ, түрлі өзгерістерге байланысты жүргізушілерге қойылатын талап та күшейтілген. Енді автобусты тізгіндейтін жүргізушінің үш жылдық тәжірбиесі болуы керек.

Жақын күндері қоғамдық көліктердің қатары жаңа автобустармен толықпақ. Бұл өз кезегінде тозығы жеткен темір тұлпардың санын азайтып, автобуспен қатынайтын жолаушылардың жағдайы жақсартып, азаматтардың қауіпсіздігі үшін жақсы болары хақ.

Оператор: Нурлан Кунашев
Монтаж:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.