0:00 / 0:00
Орал қаласында әуе- десанттық әскері өздерінің төл мерекелерін атап өтті. Ел қорғаған жандар салтанатты шарада сап түзеп, майдан шебінде қаза тапқан сарбаздардың рухына тағзым етті. Еңбегі еленген жандар төс белгімен марапатталды. Әскери жандардың мерекесі туралы келесі сюжетте.
2- тамызда барша Тәуелсіз мемлекеттер достастығы әуе-десант әскерінің күнін тойлайды. Бұл мерекеде Ақ жайық өлкесінде ұйымдастырылып, кеше ел қорғаған сарбаздар сап түзеп, салтанатты шарада бас қосты. Мерекеге орай жиналған әскерилер майдан шебінде қаза тапқан жандардың аруағына тағзым етіп, қарулас бауырларын бір минут үнсіздікпен еске алды.
Сап түзеген жандардың қатарында, әскери борышын әуе десант әскерінде өтеген
есімді ер азамат та болды. Ол өткен ғасырдың сексенінші жылдары әскерге аттанып, әскери дайындығын Литвадан бастапты. Екі жыл әскеде болған. Қазір әскерден бас тартатындарды түсінбеймін дейді.
Салтанатты шараға майдан шебінде қаза тапқан сарбаздың анасы да қатысты. Оның ұлы соғыста ерлікпен қаза тауыпты. Бүгінде қаза тапқан марқұмның қарулас жолдастары оның ерлігі жайлы баяндап берген болатын.
Әуе десант әскерилерін құттықтаған жандардың қатары қалың болды. Күллі тәуелсіз мемлекеттер де кеңінен тойланатын мерекеде әскери қызметінде ерекше көзге түскен азаматтар арнайы төс белгімен марапатталды.