Бұл жөнінде жолаушы көлігі және авто көлік жолдары бөлімінің басшысы хабарлады. Айта кетейік, биыл 50 көшенің жолы жөнделуі тиіс болатын. Жолдардың басым бөлігіндегі жұмыс қыркүйек айында аяқталады. Жергілікті бюджеттен бөлек, 7 көшенің жолына кен шығарушы компанияның әлеуметтік төлемдерінен қаражат бағытталды. 6 көшедегі жұмыс екі жылға жоспарланған. Бірінші кезекте қоғамдық көлік жолдары мен орталық көшелерді қолданысқа беру көзделген болатын.